Меню KDT

logo.png?_=1675687134

№2 "Саумалкөл мектеп-гимназиясы" КММ
  • kz
  • ru


  • «Өмірден өкінішпен өтер едім, Туған ел мен кеткен соң сағынбаса...»


    «Өмірден өкінішпен өтер едім,
    Туған ел мен кеткен соң сағынбаса...»
    Кәкімбек Салықовтың өңіріміздің жақсы атын елге танытып, жұлдызын жаққанын ұрпағы ұмытқан жоқ. Кәкімбек ағамыз сағынышпен жылда еске алынып, Атырау, Арқа, Алтай, Алатау арасын шарлап жүрген жүрек тебірентерлік өлеңдері оқылып, әндері шырқалып жүреді. Ескі дәстүрмен осы жылы да Кәкімбек Салықовтың аудандық, облыстық оқулары ұйымдастырылып, мыңнан тұлпар мен жүзден жүйріктер бақ сынасты. 2024 жылдың 23-ші қаңтарында өткен облыстық Кәкімбек Салықов оқуларында «№2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының» 5 «В» сынып оқушысы Асылбек Нұрай «Сыршыл ақын» номинациясы бойынша қатысып, жүлделі І орын иегері атанды. Ақын ағамыздың асқақ рухы, өміршең жырлары, өнегелі өмірі халқымыздың жадында мәңгілікке сақталары сөзсіз. Туған елі Кәкімбегін сағынышпен еске алады.
    Каирлинова Гулдария Сабыровна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
    23.01.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки