Меню KDT

logo.png?_=1675687134

№2 "Саумалкөл мектеп-гимназиясы" КММ
  • kz
  • ru
  • БОС ОРЫН
    №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы келесі бос орындар туралы хабарлайды:
    - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1 ставка;
    - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 1 ставка;
    - хореограф (декреттік демалыс уақытына) - 1 ставка;
    - орыс тілінде оқытатын сыныптарға арналған тарих мұғалімі (декреттік демалыс уақытына) - 16 сағат;
    - қазақ тілінде оқытатын сыныптарға арналған тарих мұғалімі – 16 сағат;
    - орыс тілінде оқытатын сыныптарға арналған орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі -16 сағат;
    - қазақ тілінде оқытатын сыныптарға арналған орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі (декреттік демалыс уақытына) - 16 сағат;
    - қазақ тілінде оқытатын сыныптарға арналған бастауыш сынып мұғалімі - 16 сағат;
    - қазақ және орыс тілдерінде оқытатын сыныптарға арналған дене шынықтыру мұғалімі -16 сағат;
    - қазақ тілінде оқытатын сыныптарға арналған ағылшын тілі мұғалімі – декреттік демалыс уақытына) - 16 сағат;
    - қазақ тілінде оқытатын сыныптарға арналған ағылшын тілі мұғалімі;
    - - қазақ тілінде оқытатын сыныптарға арналған физика пәні мұғалімі-16 сағат.
    - орыс тілінде оқытатын сыныптарға арналған физика пәні мұғалімі -16 сағат;
    - - қазақ тілінде оқытатын сыныптарға арналған информатика мұғалімі (декреттік демалыс уақытына) - 16 сағат.
    - - қазақ тілінде оқытатын сыныптарға арналған математика мұғалімі-16 сағат.
    Бос жұмыс орнын туралы хабарландыру мектеп сайтында, Instagram-да, еңбек кз-те 13 тамызда жарияланады.
    Тамыз айының 15-22 аралығында мектеп-гимназиясы педагогтардың құжаттарын қабылдайды.
    Тамыздың 23-27 аралығында комиссия үміткерлердің құжаттарын қарастырады.
    Тамыздың 29-ы күні (немесе Ата заң күніне байланысты 27 тамыз күні) үміткерлердің балдарын есептейді және қорытынды шығарады.
    Баллдарды есептеу күні кандидаттың болғаны дұрыс.
    Жалақы штаттық кестеге сәйкес.
    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам ережеде https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1200007495
    көрсетілген құжаттарды мерзімінде жолдайды:
    1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама
    наркологиялық ұйымнан анықтама;
    9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
    10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
    Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдық нұсқаулығы.
    Барлық мамандықтардың пән мұғалімдері
    Лауазымдық міндеттері: Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады,
    білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
    Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
    Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.
    Электронды журналдарды толтырады.
    Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
    Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
    Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.
    Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.
    Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
    Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
    Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
    Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
    Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
    Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.
    Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
    Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.
    Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
    Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
    57. Білуге міндетті:
    Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
    педагогика мен психологияны,
    пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,
    оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды,
    еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.
    58. Біліктілікке қойылатын талаптар:
    тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.
    Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл.
    Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
    59. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
    1) "педагог" (санаты жоқ):
    оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі;
    білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады,
    білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді,
    білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады
    2) "педагог-модератор":
    "педагог" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
    оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;
    3) "педагог-сарапшы":
    "педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
    ұйымдастырылған оқу қызметтерін талдау дағдыларын меңгерген,
    конструктивті және тәлімгерлікті іске асырады, білім беру ұйымдары деңгейінде жекелей немеесе ұжым болып кәсіби дамыту басымдықтарын анықтайды:
    қала/өңір деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;
    4) "педагог-зерттеуші":
    "педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
    сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген,
    білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,
    білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,
    педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асырады және даму стратегиясын конструктивті анықтайды,
    облыс/республикалық маңызы бар және астаналық қалалары, Республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
    облыс/ республикалық маңызы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
    5) "педагог-шебер":
    "педагог-шебер" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
    авторлық бағдарламалары бар болуы және республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, авторлық бағдарламасы немесе оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең автор) бола алуы;
    ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,
    жетекшілік етуді іске асырады және облыс деңгейінде кәсіби бірлестіктердің желісіндамытуды жоспарлайды,
    республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылуы немесе немесе облыстық білім беру органдарының уәкілмен бекітілген республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды даярлауы тиіс.
    7-параграф. Педагог-психологы (психологы)
    60. Лауазымдық міндеттері: оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
    Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі.
    Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басын дамытуға кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультативтік).
    Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға нақты психологиялық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді.
    Әр түрлі бейіндегі және арналуындағы психологиялық диагностика жүргізеді.
    Оқытушылар ұжымын, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарын немесе оларды алмастыратын тұлғалардың білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелерінде бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды. Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді.
    Инклюзивті білім беру қағидасын дамытады.
    Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында киберкультура мен кибергигиенаны дамытады.
    Оқушылардың жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда бағдарлауға және кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде дайындығын дамытуға ықпал етеді
    Дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі.
    Оқушылардың даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуының бұзылуына диагностика жасайды, оларға психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді.
    Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады.
    Білім беру ұйымының қызметкерлеріне білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, оқушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес береді.
    Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, ата-аналар жиналыстарының, педагогикалық консилиум, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысады.
    Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
    Буллинг, суицидтің алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
    Білім беру процесі кезінде оқушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
    Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
    Білім беру ұйымдарында барлық білім беру процессіне субъектілердің қатысуымен "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді, оның ішінде отбасылар балалар.
    Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
    61. Білуге міндетті:
    Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру,
    жеке тұлға психологиясы, дифференциалды балалар мен жас ерекшелік әлеуметтік, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихологиясы, психосоматикасы,
    Дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар беру, кәсіптік білім беру және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық консультация беру және психопрофилактика,
    белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас әдістері, жеке және топтық консультацияның заманауи әдістері,
    баланың дамуын диагностикалау және түзету,
    еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.
    62. Біліктілікке қойылатын талаптар:
    "Психология" мамандығы бойынша жоғары білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
    Және (немесе) орташа біліктілік деңгейі болған кезде педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер кемінде 5 жыл.
    63. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
    1) "педагог" (санаты жоқ):
    педагог-психологқа қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы;
    қазіргі заманғы психологиялық әдістерді білуі;
    мектеп жасына дейінгі балалармен диагностикалық, түзету жұмыстарын жүзеге асыруы,
    балалардың эмоциялық саулығын, тиімді дамуын қамтамасыз етуі;
    білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауы және ұйымдастыруы;
    педагогикалық ұжым мен ата-аналарға психологиялық ағартуды жүзеге асыруы тиіс.
    2) "педагог – модератор":
    "педагог" (санаты жоқ) санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:
    жеке-психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, балалармен жұмысты жүзеге асыру;
    балалармен, педагогтармен, ата-аналармен проблемалық (стандартты емес) жағдайларда жұмысты ұйымдастыру;
    ересектердің балалармен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету және реттеу;
    әлеуметтік бейімделудің белсенді әдістерін қолдану;
    ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету.
    3) "педагог-сарапшы":
    "педагог-модератор" санатына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:
    әртүрлі бейінде және бағытта психологиялық диагностика жүргізу, балалармен жеке жұмысты жүзеге асыру;
    шығармашылық топқа басшылық ету, психологиялық – педагогикалық қызметтің өзекті мәселелері бойынша конференцияларға, семинарларға қатысу;
    мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық қолдау бойынша ұсынымдар әзірлеу;
    білім беру ұйымдары деңгейінде өзі және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтау және тәлімгерлікті жүзеге асыру, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау.
    4) "педагог-зерттеуші":
    "педагог-сарапшы" санатына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:
    психологиялық тексеру мен диагностика деректерін ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс бойынша психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеу,
    психологиялық қорытынды жасауы және түзету жұмыстарын жүргізу;
    әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу; психологиялық - педагогикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша инновациялық тәжірибені енгізу; мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру бойынша педагогтарға көмек көрсету;
    психологиялық - педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын конструктивті анықтау, Облыс / республикалық маңызы бар және астаналық қалалары деңгейінде тәжірибені жинақтау.
    5) педагог-шебер:
    педагог-зерттеуші біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келу, сонымен қатар:
    облыстық, республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, авторлық бағдарламасы немесе оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдарға авторлық (бірлескен автор) құқығы бар, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;
    тәлімгерлікті жүзеге асыруы және облыс/ республикалық маңызы бар және астаналық қалалары деңгейінде кәсіби қауымдастық желісін дамытуды жоспарлау,
    халықаралық және республикалық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылуы немесе халықаралық немесе республикалық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.
    Мекен жайы: Саумалкөл МКР 20Б

    Қазіргі уақытта бос жұмыс орындар жоқ

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки