2022-2023 оқу жылында 4 және 9-сынып оқушыларын білім жетістіктерінің мониторингіне дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде ағымдағы жылдың 17 қаңтарында № 2 Саумалкөл мектеп-гимназиясында 9-сыныптарда МОДО (Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі) форматында кезекті сынақ тестілеуі өтті. Білім сапасының деңгейін Мемлекеттік жалпыға міндетті негізгі орта білім беру стандарттарына сәйкестігін тексеру мақсатында қазақ тілінде оқитын сыныптардан 28 оқушы және орыс тілінде оқитын 32 тоғызыншы сынып оқушылары өтті. Қатысу пайызы-86,9.
17.01.2023 ж. №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері математика Корольдігіне кілем-ұшақпен саяхат жасап, бастауыш сыныптардың онкүндігіне қатысты. Сабақ дәстүрлі түрде «Поэтикалық сәлемдесуден» басталды. Сабақтың әр кезеңінде Светлана Александровна мектепке дейінгі жастағы балалардың назарын әртүрлі және қызықты тапсырмалармен аударуға тырысты. «Дұрыс-бұрыс» жауаптары арқылы тәрбиеленушілер шынайы және жалған пікірлерді қалай ажырата алатынын көрсетті. «Көңілді фигуралар» дидактикалық ойынында бесжылдықтар қоршаған
Бастауыш сыныптар апталығы жалғасуда. Бүгін Искакова Айганым Кабдрашитовна 4”Г” сыныбында қазақ тілі пәнінен “Зат есім” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында “Classroomscreen”, “Flippity”, “Word wall”, “Bouncy balls” онлайн платформалары қолданылды. Мысалы, “Flippity” платформасында оқушылар анаграмманы шешіп, тақырыпты анықтаса, ал “Classroomscreen” бағдарламасы арқылы топтарға бөлініп тапсырмалар орындады. Оқушылар сабақта жоғары белсенділік көрсетті.
2023 ж. қаңтар айының 16-сы күні 3 «Б» сыныбында Жаксыбаева Роза Муратовна «Дүниетану» сабағын «Ағаш – тамырымен, адам – отбасымен мықты» нақыл сөзімен бастады. Роза Муратовна оқушыларға отбасы, үйі, жақындары туралы жылы әңгіме ұйымдастыра білді. Шәкірттер жұмбақтарды жасырды, кластер құрады, өлең оқыды. «Туған үй» әнін орындау да орынды болды. Осы тақырыптағы иллюстрациялық жұмыстар балаларды «Бақытты балалық шақ» әлеміне баурап алды. Ұмытылмас ережелер, өмірдегі ең бастысы - әр адамның үйі мен отбасы екенін осы сабақта нақты ұғып, есте сақтады.
№2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар арасында өтіп жатқан онкүндік аясында 16-қаңтар күні 3 «В» сынып мұғалімі Сулейменова Анар Советовна «Тіл- ел қазынасы» атты факультативтік курсынан «Ойна да, ойла!» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Вагон құрастыру» ойыны арқылы өлең ұйқастарын жалғастыру тапсырмаларын орындады. «Кір жаю» әдісі арқылы тіл сырларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін көрсетті. Сонымен қатар «Кім шапшаң?», «Адасқан әріптер» әдістері арқылы
Vape-денсаулыққа қауіпті!!! (Ата-аналар мен оқушыларға арналған жадынама) 1.Электрондық темекі туралы нақты түсінік қалыптастыру үшін әлеуметтік педагог Г.Н. Ушакова электронды темекіні теріс пайдалану және оның салдары туралы ақпаратпен танысу мақсатында 5-11 сыныптар арасындағы оқушылар мен ата – аналар чаттарына "Вейп-денсаулыққа қауіпті" жадынамасын жіберді. 2. Толеранттылықты арттыру және оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынастарындағы жанжалдардың алдын алу мақсатында
№2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар арасындағы «Білім шыңының баспалдағы- бастауышта» атты онкүндігі жалғасып жатыр. Бүгін жоспар бойынша 13-қаңтар күні 1-4 сыныптар арасында «Спорт – біздің серігіміз» атты дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен эстафеталық сайыс өткізілді. Сайыс барысында оқушылар түрлі спорттық жаттығулар жасап, «Қос аяқтап секіру» , «Допты шекіп жүру», «Секіртпемен жүгіру», «Кім шапшаң?» т.б тапсырмаларын орындап,түрлі кедергілерден сүрінбей өте білді. Әр топ