Меню KDT

logo.png?_=1675687134

№2 "Саумалкөл мектеп-гимназиясы" КММ
  • kz
  • ru
  • Название страницы

    • 2022-2023 оқу жылына арналған №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының пәндік әдістемелік бірлестіктерінің құрамы
       

    Әдістемелік бірлестіктің атауы 

    •  

    Басшының ТАӘ

    МО құрамы

    МО Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдері

    Жунусов С.К 

    1. Исмагулова М.К.
    2. Махамбетова Д.К.
    3. Жунусов С.К
    4. Биттитай Н.Д
    5. Шаймакова А.О.
    6. Каирлинова Г.С
    7. Казыбаева Г.С
    8. Дүйсен Т.
    9. Жакенова А.С
    10. Исина Ы.О
    11. Икакова Т.Ж
    12. Кулмаганбетова А.К

    МО бастауыш  мұғалімдері (қазаша)

    Сулейменова А.С.

     

    1. Боктыбаева Д.К
    2. Сабыр Ж.Б
    3. Казжанова Н.С.
    4. Искакова А.К
    5. Камарланова Г.К.
    6. Ескендирова С.М.
    7. Кажгалиева Г.К
    8. Именалиева А.К
    9. Камарланова Н.К

    МО бастауыш  мұғалімдері (орысша)

    Сулейменова А.А

    1. Алиева Н.И
    2. Димедиенко С.А
    3. Ганага Н.А
    4. Еременко Л.В
    5. Можаева Г.К

    МО Орыс тілі және әдебиет мұғалімдері

    Дель Н.А.

     

    1. Аманбаева Г.Ш
    2. Кайбалова К.А
    3. Букенова А.Д.
    4. Максутова С.А
    5. Сейткожина Б.К.
    6. Шонабаева Г.М
    7. Шонабаева Г.К
    8. Алексеева А.М

    МО тарих мұғалімдері

    Алимгиреева Л.М.

    1. Айтбаев А.Н.
    2. Сыздыкова А.М.
    3. Таскожаев А.М
    4. Оразгали А.М
    5. Махметова А.Ө
    6. Садуов А.А

    МО Ағылшын пәні мұғалімдері

    Чуглазова В.И.

    1. Терещенко Н.Ю.
    2. Коровина Е.А.
    3. Рыстина А.Ж.
    4. Каймульдина Э.М
    5. Өміржан М.М
    6. Масалыкена А.С
    7. Жанузакова У.А
    8. Хамзина К.Ф
    9. Чуглазова В.И

    МО жаратылыс математикалық мұғалімдері (математика, физика, информатика)

    Жакупова С.Б.

    1. Лобанова Е.В.
    2. Нурмухамбетова Г.К.
    3. Жетписов А.Б..
    4. Иванова А.А.
    5. Бекмаганбет Ж.К
    6. Динасилова А.А
    7. Лыткин В.В.
    8. Болатова А.А
    9. Идаятов А.С
    10. Ислямова А.Б

    МО  (химия, биология, география) мұғалімдері

     

    Субачева И.С.

    1. Аскар А.О.

    2. Батжанова С.Т.

    3. Лыткин В.В.

    4. Гранкина Т.В.

    5. Алимгиреева Л.М.

    6. Кожабеков М.К.

     

       

    МО  музыка  техналогия 

    Караданова З.Ж.

    1. Мурзахметов О.М.

    3. Караданова З.Ж

    4. Белоног Т.В.

    5. Наурызбаев Н.Н
    6. Шамшуалиев Ж.А

    МО Дене шынықтыру және  НВП

    Терещенко А.А.

    1. Шахметова А.Т.

    2. Кыдырбеков Е.С.

    3. Доценко А.В.

    4. Продиус С.А.

    5. Уалиев Е.А.

    6. Бастаев Б.Ж
    7.Елубаев О.К

    МО Соц педагог

    Ушакова Г.Н.

    1. Кожахимова Л.Х.
    2. Нуртазина А.К.
    3. Рыстина А.Ж
    4. Султангазина К.З

     

     

         Мектептердегі әдістемелік бірлестіктердің  қызметін ұйымдастыру

     

                                                   және жоспарлау

     

     

     

                                                                                Боранбаева Ғалия Тұрсынқызы

     

                                                                    Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

     

     

     

    Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу.

     

    Директордың ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар жөнiндегi орынбасарының функционалдық мiндеттерi мектептегi инновациялық жұмыстармен, ғылыми теориялар негiзiмен, озат тәжiибелер мен жетекшi идеялар, экспериментпен байланысты болғандықтан, оны жүзеге асыру барысында тек қана бiлiм берудiң жаңалығы iске асып қана қоймайды, тағы бiрі дүниеге келiп практикада тексерiледi. Сонымен қатар нақты нәтиже беретiн жаңа мазмұн, жоғары тиiмдi технологиялар айқындалады. Мұның бәрi директордың ғылыми жұмыстар жөнiндегi орынбасарының басқару және жетекшiлiк ету нысаны болып табылады.

     

                         Мектептегі мұғалімдермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар

     

    Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс-әрекеттері.

     

    Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

     

    Әдістемелік жұмыстың міндеттері:

     

    Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар-практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.

     

          Әдістемелік кеңес жұмысының жылдық жоспары

     

    І. Әдістемелік кеңес жұмысының мақсаты мен міндеттері:

     

    1. Өткен жылдардағы жұмыс нәтижесіне талдау;
    2. Жаңа оқу жылындағы проблемаларға бағыт;
    3. Проблеманы шешу жолдарындаѓы міндеттер;

     

    ІІ.Әдістемелік ұйымдастыру шаралары:

     

    1. Әдістемелік кеңестің құрамын бекіту;
    2. Пәндік әдістемелік бірлестіктердің жылдық жоспарын бекіту;
    3. Факультативтік сабақ жоспарларын таңдау, бекіту;
    4. Өз білімін жетілдіру жоспарын бекіту;
    5. Жас ұстаздарға көмек тобын ұйымдастыру;
    6. Білім жетілдіру бағытындағы курсқа жіберу  кестесін  жасау;

     

    ІІІ.Әдістемелік кабинетті жабдықтау:

     

    1. Әдістемелік бұрыш ұйымдастыру;
    2. "Озат тәжірибе" бұрышы;
    3. Әдістемелік жаңалықтар стенді;

     

    ІV.Әдістемелік шығармашылық жұмыстар:

     

    1. Әдістемелік кеңес отырыстарын өткізу (ай сайын).
    2. Мектепішілік шығармашылық топтар құру (үлкен мектептерде).
    3. Пән апталықтарын өткізу, белгілеу;
    4. Пәндік олимпиадаларға оқушыларды дайындау, өткізу;
    5. Мектепішілік педагогикалық оқу нәтижесін шығару формалары: а)бірыңғай өткізу; б)педкеңесте өткізу; в)бірлестіктер ұсынысын бекіту.
    6. Озат тәжірибелерді зерттеу, насихаттау, формалары:

     

    1)     Семинар сабақтар өткізу; Пән бірлестіктерінің апталықтарын өткізу;

     

    2)     Плакат, буклет шығару; Баспаға материал беру;

     

    3)     Жыл  үздігі байқауларын өткізу ( жыл мұғалімі);

     

    4)     Оқу кабинеттері байқауын  өткізу; Оқу кабинеттерін аттестациялау;

     

    5)     Мектепке бүлдіршіндерді  әзірлеу, балабақшамен байланысу, жоғары топ балаларының дайындығын зерттеу;

     

    6)     Бастауыш буыннан орталау мектепке өту кезеңіндегі  оқушының  білімділігі мен біліктілігіне  зерттеу жүргізу;

     

    V.Бастауыш буыннан  орталау мектепке өту кезеңіндегі оқушының  білімділігі мен біліктілігіне зерттеу жүргізу:

     

    1. Бірлестік жетекшілерінің есебін тыңдау;
    2. Шығармашылық зерттеу жұмысының қорытындысын тыңдау;
    3. Үлгілі семинар сабақ қорытындысын талдау;
    4. Тақырыптық зерттеу қорытындысын тыңдау.

     

    Әдістемелік жұмыс – оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін игеріп, оны сабақ пен сыныптан тыс шараларда қолдануда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа, тиімді әдіс-формаларын іздеу бағытында мектеп әкімшілігінің мұғалімдер және тәрбиешілермен бірлесіп өткізетін іс-шараларының жиынтығы.

     

    Негізгі мақсаты – озат тәжірибені зерттеу-жинақтау, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі пән мұғалімдері мен тәрбиешілерге нақты көмек беру.

     

    Негізгі міндеттері

     

    ü  Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жетілдіру.

     

    ü  Оқу құралдарының мазмұнын дайындаумен оны жаңарту.

     

    ü  Сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру.

     

    ü  Жаңа талаптарға сай жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау.

     

    ü  Оқытудың әдіс-формаларын жетілдіру, тиімді жолдарын іздестіру.

     

    Әдістемелік жұмыстардың мазмұны

     

    ü  Ғылыми зерттеулер жүргізу.

     

    ü  Бағдарламаларды үйлестіру.

     

    ü  Ақпараттандыру мәселелерін талқылау.

     

    ü  Оқушылар үлгерімін талдау.

     

    ü  Оқыту әдістемесін жетілдіру.

     

    ü  Мектепішілік бақылауды сараптау.

     

    ü  Озат тәжірибені жинақтау, тарату.

     

    ü  Ғылым жетістіктерін практикаға ендіру.

     

    Әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарының үлгісі

     

    ü  Өткен оқу жылының әдістемелік жұмыстарын талдау.

     

    ü  Жаңа оқу жылының әдістеелік жұмыстарының тақырыбын айқындау.

     

    ü  Әдістемелік жұмыстардың мақсат-міндеттерін айқындау.

     

    ü  Ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу.

     

    ü  Өткізілетін негізгі іс-шаралар кестесі мен тізімін жасау.

     

    ü  Әдістемелік бірлестіктер жұмысын ұйымдастыру.

     

    ü  Әдістемелік жұмыстарды бақылау мен есеп беру.

     

    IІ.Мектептегі әдістемелік жұмыстың оқу жылына арналған жұмыс жоспары

     

    1. Өткен оқу жылының мақсат-міндеттері және олардың жүзеге асырылу барысы.
    2. Жетістіктер мен кемшіліктер және олардың себеп-салдарлары.
    3. Әдістемелік апталықтар мен түрлі іс-шараларды сапалы өткізу, оның педагогтардың кәсіби біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін жетілдірудегі ролін арттыру.
    4. Жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, барлық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды жоғары әдістемелік деңгейде өткізу.
    5. Өзара тәжірибе алмасу жиындарын өткізе отырып, жас мамандардың кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ету.
    6. Оқытудың белсенді әдіс-формалары мен тиімді технологияларын іздестіре отырып, тәжірибе-сынақтар жүргізу.
    7. Жаңа оқу-тәрбиелік, ғылыми әдістемелік дидактикалық материлдар мен оқу құралдарын жасай отырып, инновациялық білім беру процесін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету.
    8. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру барысын талдай отырып, шығармашыл мұғалімдердің озат тәжірибелерін зерттеу, жалпылау және тарату.
    9. Мектеп бітірушілердің білімдерінің ғылыми базасын нығайта отырып, таңдаған пәні бойынша жоғары оқу орнына түсуіне бағытталған дайындық жұмыстарын күшейту.
    10. Оқушылардың бойында жоғары моральдік және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, оларды кешенді тәрбиелеу бағдарламаларын жетілдіру.
    11. Мектептегі әдістемелік жұмыстарды облыстық білім департаменті мен аудандық білім бөлімінің бұйрықтарын, өткен оқу жылының қорытындыларын басшылыққа ала отырып жоспарлау және ұйымдастыру.
    12. Әдістемелік кеңес отырыстарын жоспарлы түрде тоқсанына бір рет өткізу:Әдістемелік апталықты ақпан айында өткізу.
      1. Өткен оқу жылындағы әдістемелік жұмыстардың қорытындысы және жаңа оқу жылының міндеттері – қыркүйек.
      2. Әдістемелік және пән апталықтарын өткізе отырып, жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату – қараша.
      3. Оқушылардың шамадан тыс оқу жүктемелерін азайту арқылы білім сапасын арттыру жолдары – қаңтар.
      4. Оқытудың тиімді технологияларын мектеп практикасына ендіру бағытындағы тәжірибе-сынақ жұмыстарының алғашқы нәтижелері мен оның себеп-салдарлары – наурыз.
    13. Әдістемелік бірлестіктердің алғашқы жоспарлау отырыстарын төмендегіше өткізу: 1.Бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігі бойынша – 28-29 тамыз. 2.Гуманитарлық пәндер бірлестігі бойынша – 1-3 қыркүйек. 3.Жаратылыстану пәндері бірлестігі бойынша – 5-7 қыркүйек.
    14. Бірлестіктердің алғашқы жоспарлау отырыстарында мына мәселелерді қарау:
      1. Оқу және әдістемелік жұмыстардың қорытындылары, оқыту процесін жетілдіру жолдары.
      2. Оқу-тәрбие процесін бақылау қорытындылары, өзара сабақтарға енуді жоспарлау.
      3. Сабақтардың әр түрлі типтері мен формаларын өткізу ерекшеліктері мен әдістемесі.
      4. Оқытудың интерактивті әдістері мен белсенді формаларын іздеу мен тәжірибеге ендіру.
      5. Білім беру процесіне оқытудың тиімді технологияларын ендіру проблемалары мен негізгі жолдары.
    15. Бірлестік отырыстарын тоқсанына бір рет өткізу және онда мына мәселелерге назар аудару:Мектепішілік “Жыл мұғалімі”, “Сынып жетекшісі”, “Пән кабинеті” байқауларының І турын қарашада, ІІ турын қаңтарда өткізу.
      1. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сапалы түрде жүзеге асыру және оны дидактикалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      2. Озат тәжірибе мектебінің жұмысын жоспарлай отырып, жаңашыл және тәжірибелі мұғалімдердің озат тәжірибесін зерттеу, жалпылау және тарату.
      3. Жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру туралы нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, сабақтарды әдістемелік қамтамасыз ету.
      4. Жаңаша оқыту жүйелерін зерттей отырып, оқытудың тиімді технологияларын мектеп тәжірибесіне сатылап ендіру.
      5. Нормативтік актілерді оқып-үйрене отырып, мектеп құжаттарын толтыруда бірыңғай талаптарды басшылыққа алу.
      6. Психология мен педагогика және пәнді оқыту әдістемесі бойынша әдебиеттерге шолу жасай отырып, мұғалімдердің өз білімін жетілдіруіне үнемі ықпал ету.
      7. Мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми қоғамдарын құра отырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізуді ұйымдастыру.
      8. Мұғалімдердің қажеттіліктері мен сұраныстарына диагностика жүргізе отырып, өзара тәжірибе алмасу семинарлары мен оқуларын өткізу.
      9. Білім сатысы оқуларынан өту жоспарын жасай отырып, мұғалімдердің біліктілік санаттарын көтеруде жүзеге асыру.
      10. Ақылшы ұстаздар тағайындай отырып, жаңадан келген және жас мамандармен жүргізілетін жұмыстарды жандандыру.
      11. Жаңа бағдарламалар әзірлеу және оқыту технологияларын ендіру бағытындағы тәжірибе-сынақ жұмыстарын жүргізу.
      12. Қосымша білім беру бағдарламаларын дайындай отырып, сыныптан тыс үйірме жұмыстары мен факультативтерді ұйымдастыру.
    16. Пән апталықтарын төмендегіше ұйымдастырып, өткізу:Оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытындағы іс-тәжірибелерді дер кезінде талдап, жалпылап, тарату үшін бірлестік отырыстарында қарастырылған материалдар мен қабылданған шешімдерді мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарына уақытылы өткізіп отыру.
      1. Қазақ тілі мен әдебиеті – қыркүйек.
      2. Математика – қазан.
      3. Тарих және қоғамдық пәндер – қараша.
      4. Физика және астрономия – желтоқсан.
      5. Орыс тілі мен әдебиеті – қаңтар.
      6. Химия және биология – ақпан.
      7. Бастауыш сыныптар – наурыз.
      8. Ән-әуез және бейнелеу өнері– сәуір.
      9. Дене тәрбиесі, АӘД және технология – мамыр.
    17. Пәндік және әдістемелік апталықтарды өткізу барысын бақылауды мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарына міндеттеу.

     

                           Өткізілетін негізгі іс-шаралар

     

                І.Мектеп әдістемелік кеңесінің жұмыс жоспары

     

    Мақсаты: Оқу-тәрбие процесіне оқытудың тиімді технологияларын сатылап ендіруді жүзеге асыру.

     

    Мiндеттерi:

     

    1. Тұжырымдамалық негіздерін оқып-үйрене отырып, мектеп тәжірибесіне оқытудың тиімді технологияларын сатылап ендіру.
    2. Жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені зерттеп, жалпылау және тарату.

     

                                    Әдістемелік бірлестік

     

    Әдістемелік бірлестік туралы нұсқаулар

     

    Әдістемелік бірлестік – мектептегі әдістемелік қызметтің бір немесе бірнеше пән бойынша оқу-тәрбие, әдістеме, тәжірибе-эксперимент және сыныптан тыс жұмыстар жүргізетін құрылымдық бөлімшесі. Әдіс бірлестігі бір немесе сыбайлас бірнеше пәннен, құрамында кемі бес мұғалім болған жағдайда, сәйкесті орынбасарының ұсынысы бойынша, мектеп директорының бұйрығымен құрылады және таратылады. Пәндік әдіс бірлестігі тікелей оқу-тәрбие (не әдістемелік жұмыс) ісі меңгерушісіне бағынады.

     

    Әдістемелік бірлестіктің негізгі міндеттері мен бағыттары

     

    -        Оқушылардың ақыл-ой, мәдени, адамгершілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру;

     

    -        Бір немесе бірнеше пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістеме және эксперимент жұмыстарын жоғары кәсіби деңгейде дайындау және өткізу;

     

    -        Әр түрлі сабақтар мен іс-шараларды өткізу әдістемесін жетілдіру мен оларды оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

     

    -        Мұғалімдердің кәсіби педагогикалық біліктілігін көтеру;

     

    -        Педагогикалық эксперименттер жүргізу;

     

    -        Мектеп бітірушілермен кәсіптік бағдар жұмыстарын ұйымдастыру;                                                        

     

    Әдістемелік бірлестік жұмысы

     

    Әдістемелікбірлестіктітәжірибелімұғалімдердіңішіненбірлестікмүшелеріменкелісеотырып, мектепдиректорытағайындағанадамбасқарады. Әдістемелікбірлестікжұмысыбірлестікжетекшісімектептіңжылдықжоспарынасәйкесжасағанжоспарғасайжүргізіледі. Жоспарәдістемелікжұмыстармеңгерушісіменкелісіледі, мектепдиректорынабекітіледі.

     

    Әдістемелікбірлестікотырыстарытоқсанынакемдегендебірретөткізіледі. Өтетінорныменуақытымектепәкімшілігінеалдыналахабарлануытиіс. Қаралғанәрмәселебойыншажазбашанұсқауларжасалып, орындалубарысықадағаланады.

     

    Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс формалары

     

    -        Эксперименттер, байқау-сынақтар жүргізу;

     

    -        Дөңгелек үстелдер, семинар-конференциялар дайындау;

     

    -        Шығармашылық және тәжірибелік есептер өткізу;

     

    -        Әдіс бірлестігі отырыстарын өткізу;

     

    -        Пәндік ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізу;

     

    -        Лекция, баяндамалар, пікірталастар өткізу;

     

    -        Озат тәжірибе мен қажетті құжаттарды зерттеу, жүзеге асыру;

     

    -        Пән және әдістеме апталықтарын өткізу;

     

    -        Өзара тәжірибе алмасу және сабаққа ену;

     

    -        Сабақтар мен шараларды өткізу сапасын қадағалау;

     

    -        Ұстаздар мен оқушылардың білім-біліктілігін тексеруге қатысу,

     

    Әдістемелік бірлестіктің негізгі іс-әрекет бағыттары

     

    -        Пәндер бойынша оқыту нәтижелерін талдау;

     

    -        Оқу бағдарламаларының өзгермелі бөлігін дайындауға, оқу мазмұны мен қойылатын талаптарға өзгерістер енгізуге қатысу;

     

    -        Пәндер бойынша жинақталған, кіріктірілген оқу бағдарламаларын дайындау;

     

    -        Пәндер бойынша оқу-әдістемелік құралдар, үлестірме материалдар жасау, талқылау;

     

    -        Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар, кәсіби байқаулар өткізу,

     

    -        Мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу;

     

    -        Жаңа ақпараттық және оқыту технологияларын іздеу, мектеп практикасына ендіру бағыттарындағы эксперименттерді ұйымдастыру;

     

    -        Көрнекі құралдар жасау мен жетілдіру, оқу-лабораториялық базаны нығайту жұмыстарын жүргізу;

     

    -        Жас мамандарға тәлімгерлік жасау, арнаулы оқулар ұйымдастыру, курстарға жіберу жұмыстарына қатысу;

     

    -        Байқаулар мен олимпиадалар өткізу туралы ережелер жасауға қатысу;

     

    Әдістемелік бірлестік құжаттары

     

    1. Әдістемелік бірлестіктің ашылуы туралы бұйрық.
    2. Бірлестік жетекшісін тағайындау туралы бұйрық.
    3. Әдістемелік бірлестік туралы Ереже.
    4. Бірлестік мүшелерінің қызметтік міндеттері.
    5. Өткен оқу жылына жан-жақты талдау.
    6. Жаңа оқу жылы тақырыбы, мақсаты, басым бағыттары, оқу жылының жұмыс жоспары.
    7. Әр айға арналған бірлестік жұмысының жоспар-кестесі.
    8. Мұғалімдер туралы мәлімет.
    9. Мұғалімдердің өзіндік білім көтеруі туралы мәліметтер.
    10. Іс-шаралар өткізудің кестесі.
    11. Аттестациялаудың перспективалық жоспары, жылдық кестесі.
    12. Мұғалімдердің кәсіби біліктілік арттыру жоспар-кестесі.
    13. Пәндер бойынша ағымдық бақылаулар алу кестесі
    14. Тоқсандық әкімшілік бақылау алу кестесі.
    15. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралардың кестесі
    16. Озат тәжірибелер туралы мәліметтер.
    17. Жалпы, факультативтік және авторлық бағдарламалар.
    18. “Жас маман ” мектебінің жұмыс жоспары.
    19. “Озат тәжірибе” мектебінің жұмыс жоспары.
    20. Пән және әдістемелік апталықтарды  өткізу жоспары.
    21. Мектепішілік бақылау жұмыстарының жоспары.
    22. Бірлестік отырыстарының хаттамалары.

     

    Пәндікәдісбірлестігініңжылдықжұмысжоспарыныңқұрылымы

     

    I.Жоспартөмендегітараулардантұруғатиіс:

     

    1. Ұйымдастыру жұмыстары.
    2. Мұғалімдердің жылдық зерттеу жұмыстары.
    3. Оқыту сапасы мен және оқыту әдістемесін зерттеу.
    4. Оқушылардың білімін тексеру.
    5. Өзара тәжірибе алмасу, озат тәжірибені тарату.
    6. Жас мұғалімдерге көмек.
    7. Кабинетті жетілдіру жұмыстары.

     

                                 Әдістемелік бірлестік құқықтары

     

    -        Сабақ сапасы мен оқушылар білімінің сапасын көтеруге бағытталған мұғалімдерге арналған нұақаулар мен ұсыныстар дайындау, білім-білік жетілдіру жолдарын ұсыну;

     

    -        Мұғалімдердің біліктілік санатын көтеру, аттестацияны тиімді өткізу туралы ұсыныстар жасау;

     

    -        Кәсіптік байқауларға бірлестік атынан лайықты мұғалімдерді ұсыну және дайындау;

     

    -        Еңбегінің нәтижесіне қарай мұғалімдерді мадақтау-марапаттау туралы мектеп әкімшілігіне ұсыныстар жасау;

     

    -        Әдіс бірлестігінде жинақталған озат тәжірибе туралы материалдарды жариялау туралы мәселе көтеру;

     

    -        Оқу-тәрбие мәселелері бойынша мектеп әкімшілігі мен әдіскерлерден ақыл-кеңестер сұрау;

     

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки