Әдістемелік бірлестіктің атауы |
Басшының ТАӘ |
МО құрамы |
МО Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдері |
Жунусов С.К |
|
МО бастауыш мұғалімдері (қазаша) |
Сулейменова А.С.
|
|
МО бастауыш мұғалімдері (орысша) |
Сулейменова А.А |
|
МО Орыс тілі және әдебиет мұғалімдері |
Дель Н.А.
|
|
МО тарих мұғалімдері |
Алимгиреева Л.М. |
|
МО Ағылшын пәні мұғалімдері |
Чуглазова В.И. |
|
МО жаратылыс математикалық мұғалімдері (математика, физика, информатика) |
Жакупова С.Б. |
|
МО (химия, биология, география) мұғалімдері
|
Субачева И.С. |
1. Аскар А.О. 2. Батжанова С.Т. 3. Лыткин В.В. 4. Гранкина Т.В. 5. Алимгиреева Л.М. 6. Кожабеков М.К. |
|
||
МО музыка техналогия |
Караданова З.Ж. |
1. Мурзахметов О.М. 3. Караданова З.Ж 4. Белоног Т.В. 5. Наурызбаев Н.Н |
МО Дене шынықтыру және НВП |
Терещенко А.А. |
1. Шахметова А.Т. 2. Кыдырбеков Е.С. 3. Доценко А.В. 4. Продиус С.А. 5. Уалиев Е.А. 6. Бастаев Б.Ж |
МО Соц педагог |
Ушакова Г.Н. |
|
Мектептердегі әдістемелік бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру
және жоспарлау
Боранбаева Ғалия Тұрсынқызы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу.
Директордың ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар жөнiндегi орынбасарының функционалдық мiндеттерi мектептегi инновациялық жұмыстармен, ғылыми теориялар негiзiмен, озат тәжiибелер мен жетекшi идеялар, экспериментпен байланысты болғандықтан, оны жүзеге асыру барысында тек қана бiлiм берудiң жаңалығы iске асып қана қоймайды, тағы бiрі дүниеге келiп практикада тексерiледi. Сонымен қатар нақты нәтиже беретiн жаңа мазмұн, жоғары тиiмдi технологиялар айқындалады. Мұның бәрi директордың ғылыми жұмыстар жөнiндегi орынбасарының басқару және жетекшiлiк ету нысаны болып табылады.
Мектептегі мұғалімдермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар
Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс-әрекеттері.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар-практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.
Әдістемелік кеңес жұмысының жылдық жоспары
І. Әдістемелік кеңес жұмысының мақсаты мен міндеттері:
ІІ.Әдістемелік ұйымдастыру шаралары:
ІІІ.Әдістемелік кабинетті жабдықтау:
ІV.Әдістемелік шығармашылық жұмыстар:
1) Семинар сабақтар өткізу; Пән бірлестіктерінің апталықтарын өткізу;
2) Плакат, буклет шығару; Баспаға материал беру;
3) Жыл үздігі байқауларын өткізу ( жыл мұғалімі);
4) Оқу кабинеттері байқауын өткізу; Оқу кабинеттерін аттестациялау;
5) Мектепке бүлдіршіндерді әзірлеу, балабақшамен байланысу, жоғары топ балаларының дайындығын зерттеу;
6) Бастауыш буыннан орталау мектепке өту кезеңіндегі оқушының білімділігі мен біліктілігіне зерттеу жүргізу;
V.Бастауыш буыннан орталау мектепке өту кезеңіндегі оқушының білімділігі мен біліктілігіне зерттеу жүргізу:
Әдістемелік жұмыс – оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін игеріп, оны сабақ пен сыныптан тыс шараларда қолдануда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа, тиімді әдіс-формаларын іздеу бағытында мектеп әкімшілігінің мұғалімдер және тәрбиешілермен бірлесіп өткізетін іс-шараларының жиынтығы.
Негізгі мақсаты – озат тәжірибені зерттеу-жинақтау, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі пән мұғалімдері мен тәрбиешілерге нақты көмек беру.
Негізгі міндеттері
ü Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жетілдіру.
ü Оқу құралдарының мазмұнын дайындаумен оны жаңарту.
ü Сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру.
ü Жаңа талаптарға сай жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау.
ü Оқытудың әдіс-формаларын жетілдіру, тиімді жолдарын іздестіру.
Әдістемелік жұмыстардың мазмұны
ü Ғылыми зерттеулер жүргізу.
ü Бағдарламаларды үйлестіру.
ü Ақпараттандыру мәселелерін талқылау.
ü Оқушылар үлгерімін талдау.
ü Оқыту әдістемесін жетілдіру.
ü Мектепішілік бақылауды сараптау.
ü Озат тәжірибені жинақтау, тарату.
ü Ғылым жетістіктерін практикаға ендіру.
Әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарының үлгісі
ü Өткен оқу жылының әдістемелік жұмыстарын талдау.
ü Жаңа оқу жылының әдістеелік жұмыстарының тақырыбын айқындау.
ü Әдістемелік жұмыстардың мақсат-міндеттерін айқындау.
ü Ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу.
ü Өткізілетін негізгі іс-шаралар кестесі мен тізімін жасау.
ü Әдістемелік бірлестіктер жұмысын ұйымдастыру.
ü Әдістемелік жұмыстарды бақылау мен есеп беру.
IІ.Мектептегі әдістемелік жұмыстың оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Өткізілетін негізгі іс-шаралар
І.Мектеп әдістемелік кеңесінің жұмыс жоспары
Мақсаты: Оқу-тәрбие процесіне оқытудың тиімді технологияларын сатылап ендіруді жүзеге асыру.
Мiндеттерi:
Әдістемелік бірлестік
Әдістемелік бірлестік туралы нұсқаулар
Әдістемелік бірлестік – мектептегі әдістемелік қызметтің бір немесе бірнеше пән бойынша оқу-тәрбие, әдістеме, тәжірибе-эксперимент және сыныптан тыс жұмыстар жүргізетін құрылымдық бөлімшесі. Әдіс бірлестігі бір немесе сыбайлас бірнеше пәннен, құрамында кемі бес мұғалім болған жағдайда, сәйкесті орынбасарының ұсынысы бойынша, мектеп директорының бұйрығымен құрылады және таратылады. Пәндік әдіс бірлестігі тікелей оқу-тәрбие (не әдістемелік жұмыс) ісі меңгерушісіне бағынады.
Әдістемелік бірлестіктің негізгі міндеттері мен бағыттары
- Оқушылардың ақыл-ой, мәдени, адамгершілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру;
- Бір немесе бірнеше пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістеме және эксперимент жұмыстарын жоғары кәсіби деңгейде дайындау және өткізу;
- Әр түрлі сабақтар мен іс-шараларды өткізу әдістемесін жетілдіру мен оларды оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
- Мұғалімдердің кәсіби педагогикалық біліктілігін көтеру;
- Педагогикалық эксперименттер жүргізу;
- Мектеп бітірушілермен кәсіптік бағдар жұмыстарын ұйымдастыру;
Әдістемелік бірлестік жұмысы
Әдістемелікбірлестіктітәжірибелімұғалімдердіңішіненбірлестікмүшелеріменкелісеотырып, мектепдиректорытағайындағанадамбасқарады. Әдістемелікбірлестікжұмысыбірлестікжетекшісімектептіңжылдықжоспарынасәйкесжасағанжоспарғасайжүргізіледі. Жоспарәдістемелікжұмыстармеңгерушісіменкелісіледі, мектепдиректорынабекітіледі.
Әдістемелікбірлестікотырыстарытоқсанынакемдегендебірретөткізіледі. Өтетінорныменуақытымектепәкімшілігінеалдыналахабарлануытиіс. Қаралғанәрмәселебойыншажазбашанұсқауларжасалып, орындалубарысықадағаланады.
Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс формалары
- Эксперименттер, байқау-сынақтар жүргізу;
- Дөңгелек үстелдер, семинар-конференциялар дайындау;
- Шығармашылық және тәжірибелік есептер өткізу;
- Әдіс бірлестігі отырыстарын өткізу;
- Пәндік ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізу;
- Лекция, баяндамалар, пікірталастар өткізу;
- Озат тәжірибе мен қажетті құжаттарды зерттеу, жүзеге асыру;
- Пән және әдістеме апталықтарын өткізу;
- Өзара тәжірибе алмасу және сабаққа ену;
- Сабақтар мен шараларды өткізу сапасын қадағалау;
- Ұстаздар мен оқушылардың білім-біліктілігін тексеруге қатысу,
Әдістемелік бірлестіктің негізгі іс-әрекет бағыттары
- Пәндер бойынша оқыту нәтижелерін талдау;
- Оқу бағдарламаларының өзгермелі бөлігін дайындауға, оқу мазмұны мен қойылатын талаптарға өзгерістер енгізуге қатысу;
- Пәндер бойынша жинақталған, кіріктірілген оқу бағдарламаларын дайындау;
- Пәндер бойынша оқу-әдістемелік құралдар, үлестірме материалдар жасау, талқылау;
- Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар, кәсіби байқаулар өткізу,
- Мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу;
- Жаңа ақпараттық және оқыту технологияларын іздеу, мектеп практикасына ендіру бағыттарындағы эксперименттерді ұйымдастыру;
- Көрнекі құралдар жасау мен жетілдіру, оқу-лабораториялық базаны нығайту жұмыстарын жүргізу;
- Жас мамандарға тәлімгерлік жасау, арнаулы оқулар ұйымдастыру, курстарға жіберу жұмыстарына қатысу;
- Байқаулар мен олимпиадалар өткізу туралы ережелер жасауға қатысу;
Әдістемелік бірлестік құжаттары
Пәндікәдісбірлестігініңжылдықжұмысжоспарыныңқұрылымы
I.Жоспартөмендегітараулардантұруғатиіс:
Әдістемелік бірлестік құқықтары
- Сабақ сапасы мен оқушылар білімінің сапасын көтеруге бағытталған мұғалімдерге арналған нұақаулар мен ұсыныстар дайындау, білім-білік жетілдіру жолдарын ұсыну;
- Мұғалімдердің біліктілік санатын көтеру, аттестацияны тиімді өткізу туралы ұсыныстар жасау;
- Кәсіптік байқауларға бірлестік атынан лайықты мұғалімдерді ұсыну және дайындау;
- Еңбегінің нәтижесіне қарай мұғалімдерді мадақтау-марапаттау туралы мектеп әкімшілігіне ұсыныстар жасау;
- Әдіс бірлестігінде жинақталған озат тәжірибе туралы материалдарды жариялау туралы мәселе көтеру;
- Оқу-тәрбие мәселелері бойынша мектеп әкімшілігі мен әдіскерлерден ақыл-кеңестер сұрау;