Ахмет Байтұрсынұлы 1914 жылы Орынборда басылып шыққан «Тіл - құралы еңбегінде: Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша біріне-бірі қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек»деген тұжырым жасаған. Осыған орай, №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясында өтіп жатқан қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 5-11 қазақ сыныптары арасында мазмұндама, ал 5-11 орыс сыныптары аралығында диктант жұмыстары өткізілді. Сауаттылықтың негізі жазу деп қарастыратын болсақ, аталған іс-шараның негізгі мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге дағдыландыру болмақ.
Жунусов Сайлаубай Калымтаевич, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің ӘБ жетекшісі