№2 Саумалкөл мектеп-гимназиясында жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезінде "Мектепке жол-Шекарасыз Жақсылық" ұранымен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсетуге бағытталған "Мектепке жол" республикалық акциясы жалғасуда.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады және баланың мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлықпен назар аудара алады.
Мектептің педагогикалық ұжымы жыл сайын балаларға кеңсе тауарлары мен мектеп киімдері түрінде көмек көрсетеді. Биылғы оқу жылында 18 балаға 65500 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Қайырымдылық акциясына қолдау көрсеткісі келетіндер мектеп заттарын: киім, аяқ киім, кеңсе заттарын әкелуі мүмкін , олар мұқтаж балаларға таратылады.
Біз ауыл тұрғындарын игі істі қолдауға және қатысуға шақырамыз.