Меню KDT

logo.png?_=1675687134

№2 "Саумалкөл мектеп-гимназиясы" КММ
  • kz
  • ru


  • Спортық бағдарлау


    Спортық бағдарлау - басқа объектілерге қатысты жергілікті жердегі өз орнын анықтай білу. Жергілікті жерде бағдарлаудың негізгі тәсілдері: карта бойынша, компас арқылы және табиғи объектілер бойынша бағдарлау болып табылады. Іс жүзінде осы үш тәсіл өзара тығыз тоғысып, бір-бірін толықтырады.
    2023 ж. 6-10 қазан аралығында Щучье қаласында жазғы спорттық бағдарлау бойынша жыл сайынғы Республикалық оқушылар турнирі өтті. Бурабай курорттық аймағының көркем жері, еліміздің көрікті қаласы облыстардан келген оқушыларды қарсы алды. Оқушылар 4 күн бойы түрлі қашықтықтарда бақ сынасты. Жарыстың бірінші күні балалар «орта» қашықтықты бағындыру бойынша додаға түсті. Екінші күні біздің жас спортшылар «ұзын» қашықтықта жарысты. Үшінші күні командалық эстафета өтті. Эстафета - спорттық бағдардағы ең қызықты және эмоционалды, себебі команданың табысы әрбір қатысушыға байланысты.
    Төртінші күні балалар «спринт» (қысқа) қашықтығын бағындырды. Әр қашықтық қиын және қызықты болды, нәтижесінде СҚО қыздар командасы І орынды иеленді, ал ұлдар аталған жарыс қорытындысы бойынша күміс жүлдегер (II орын) атанды. Айыртау ауданынан СҚО құрама командасының құрамына №2 Саумалкөл мектеп-гимназияның оқушылары: Терещенко Мирослава және Терещенко Захар болды. Мирослава турнирде үш қола және бір күміс жүлдені жеңіп алды, Захар үздік бестікте болды. Оқушыларымызды және Солтүстік Қазақстан облысының оқушылар құрамасын жоғары жетістіктерімен құттықтаймын Оқушылардың республикалық турнирін ұйымдастырушыларға жылы қабылдау мен жарысты тамаша ұйымдастырғаны үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Осы турнирге баруды ұйымдастырғаны үшін Айыртау ауданының білім бөлімінің басшысы Балжан Шариповна Баймагамбетоваға, мектеп-гимназияның директоры Мария Кариевна Исмагуловаға, БЖК басшысының міндетін атқарушысы Сергей Сергеевич Золотовқа алғысымды білдіремін.
    Терещенко Александр Андреевич, мектеп-гимназияның дене шынықтыру мұғалімі.
     
     
     
     
     
     
     
     
      
     
    11.10.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки