16 қазан - Дүниежүзілік нан күні. Нан адамның ұзақ өмір сүруіне, денсаулығының мықты болуына әсер етеді. Мектеп кітапханасының коворкинг орталығында 4-сынып оқушыларымен өткен бүгінгі іс-шара осы тақырыпқа арналды. Оқушылар нан туралы тақпақтар, ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер оқыды, олар нанның ең маңызды тағамның бірі екенін тағы бір мәрте есте түсірді. Шара соңында кітапханашы Сатиева Қ.Ш. барлығына хош иісті бауырсақ ұсынды.