№2 Саумалкөл мектеп-гимназияда кәсіби қалыптасу процесінде жас мұғалімді әдістемелік сүйемелдеу мақсатында ағымдағы жылдың 16 қазанынан бастап «Зерттеу шеберханасы» онкүндігі басталды. Мектеп-гимназияның жас мамандары он күн ішінде педагог-зерттеушілердің сабақтарына қатыса алады. Олар оқу-тәрбие процесінің негізгі нысаны ретінде заманауи сабақтың қатысушылары болады. Жас әріптестеріміз сабақ кезеңдерін талдай алады, тәлімгерлер қолданатын стратегияларды сабақ барысында қалай қолдану керек екендігін түсінеді, олардың тиімділігін бағалай алады.
Сейткожина Баян Кошербаевна, оқу жөніндегі директордың орынбасары.