«Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы»
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ ұйыдастырған «Білім берудегі инновациялық үрдістерді әдістемелік шешімдер призмасы арқылы сүйемелдеу жүйесі» атты семинар өтті . Аталған іс-шараға №2 Саумалкөл мектеп-гимназияның директоры Исмагулова Мария Кариевна қатысты. Семинар барысында Мироненко С.Р., Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері, №2 Саумалкөл мектеп-гимназияны жақсы жағынан аттап өтті: аудандық инновациялық мектептер арасындағы жетістіктері бойынша - 3 орын, облыстың мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсу бойынша -3 орын (24 инновациялық мектеп арасында), СҚО 2022-2023 оқу жылы қорытынды мониторингі бойынша - 24 инновациялық мектептің ішінде 8 орынды иеленді. Облыс бойынша семинарға 300 педагог қатысты, 12 бағыт бойынша секция отырыстары жұмыс атқарды, соңында Тайынша қаласының қалалық мәдениет үйінде пленарлық бөлім өтті, онда секциялық жұмыстың қорытындысы мен марапаттау рәсімі болды.