ұлттық валюта теңгеміздің 30 жылдығына арналған ақпараттық сағат
Әр мемлекеттің тарихы бір-ақ рет болатын өз валютасының тарихын қамтиды.Бүгін мектеп кітапханасының коворкинг орталығында 3"в"сынып оқушыларымен ұлттық валюта теңгеміздің 30 жылдығына арналған ақпараттық сағат өтті.Оқушылар теңгенің пайда болу тарихы, ұлттық валютаны енгізуге еңбек еткен арнайы дизайнерлер тобы туралы мәліметтерді мұқият тыңдап,кітап көрмесімен танысты.Викторина сұрақтарына белсенді түрде жауап берді.Олардың әрқайсысы біздің күнде қажетімізге ұстайтын ақша туралы мәлімет алғандарына сенемін.