Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ауылдық мектептердің дарынды, талантты оқушыларын анықтау, оларға қолдау білдіру, сондай-ақ халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру мақсатында ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиаданы ұйымдастырды. Интеллектуалды олимпиада 2023-2024 оқу жылының қараша айының 20-29 аралығында алғашқы рет өтуде. «1 оқушы – 1 компьютер – 1 камера» қағидасы бойынша ұйыдастырылады.
Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатыса алады. Ол аудандық, іріктеу және республикалық кезеңдерден тұрады.
Қорытынды кезеңнің қатысушылары Республикалық сырттай оқу мектебіне қосымша білім алу үшін қабылданады. І-дәрежелі диплом алған жеңімпаздар оқу-жаттығу жиындарына шақыртылып, Жалпы білім беретін пәндер бойынша ұлттық олимпиадаға жолдама алады.
Мектеп-гимназиядан 85 оқушы қатысады. «Өмір бойы білім алу» қағидаты әр ұрпақтың ұранына айналуы тиіс. Өйткені адам үнемі ізденісте болады, білімділікке талпынады, даналыққа жол ашады. Мкетеп-гимназиясының намысын қорғайтын оқушыларымызға сәттілік жолдас болғай!
Аскар Айгуль Отызбаевна, оқу жөніндегі директордың орынбасары.