Апталықтың бесінші күні, 4 «Г» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Көлеңкені өзгертуге бола ма?» атты ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар «Көлеңкенің өлшемі неге тәуелді?» атты зерттеу жұмысын орындады. Мұғалімі Гульмира Куанышпаевнамен бірге зерттеудің сырын ашып, топпен және жұппен жұмыс қызықты жұмыстар жасап, сабақтың мақсатына жете алды. Сабақ барысында оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту арқылы өй-өрісін арттыра білді.
Именалинова Асем Куанышевна, бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі.