2024 жылдың 22 қаңтарында бастауыш сынып апталығы аясында 2 «Б» сыныбында Сөз шебері факультативінен «Әр бала - болашақ данышпан » атты ойын-сабақ ұйымдастырылды. Ойынның мақсаты балалардың ой-өрісін дамыту, пәнге деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру. Сабақта оқушылар "Ғажайып алаң", " Бір минут", "Жұмбақ сөздер" әдістері арқылы әр түрлі тапсырмаларды орындап, сабаққа белсенді қатысты. Балаларды топта және жеке жұмыста шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу болды. Сабақ жоғары деңгейде, қызықты әрі танымды өтті.
Именалинова Асем Куанышевна, бастауыш сынып мұғалімі және бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі.