"Білім беру мекемелеріндегі зайырлы нормалардың түсінігі мен сақталуы"
2024 жылдың 26 қаңтарында №2 Саумалкөл мектеп-гимназияда әкімнің ТҚК жөніндегі кеңесшісі М.Ж. Кусаинов және АӘК әдіскері Н.А. Кадыров "Білім беру мекемелеріндегі зайырлы нормалардың түсінігі мен сақталуы" тақырыбында дәріс өткізді, оған 8 "А" және 8 "Б" сынып оқушылары қатысты. Кездесуді педагог-кәсіби бағдаршы Алина Николаевна Романова ұйымдастырды.
Бұл дәрістің мақсаты: оқушыларға оқу процесінің діни идеологиялар мен қалаулардан тәуелсіздігін көрсету.
Алмагуль Тулеуовна Шахметова, директордың ТЖ орынбасары.